5.07.2017, 13:04
Оқылды: 18

Айгүлдің кафесі ауылдастарын күтуде

kasipker zelenovКәсіп ашып, ауылының гүлденуіне өз үлесімді қоссам деген жандар жыл санап артып келеді. Сондай жандардың бірі - Зеленов ауданы Мичурин ауылының тұрғыны Айгүл Жақиева.


Ашылғанына көп болмаса да мичуриндік балақайлардың сабақтан соң келіп, уақыт өткізетін орнына айнала бастаған арнайы кафеде жасөспаірімдердің сүйікті асы саналатын пицца мен коктейлдің бірнеше түрі сатылады. Сондай-ақ келушілер кафе ішінде плейстейшн ойнай алады. Ол үшін де қажетті деген құрылғылардың барлығы алынған.

Күні кеше «Бастау бизнес» жобасы бойынша сабағын аяқтаған ол кәсіп ашам дегендер үшін мемлекеттің жасап отырған жеңілдіктерін пайдалансам деген ойда.

- Мені «Бизнес бастау» жобасы бойынша өткізіліп жатырған бір айлық оқуға жолдады. Ол жерде салық және құқықтың сауаттылығымды арттырып, кәсіпкерліктің жаңа қырларын үйрендім. Сондай-ақ бизнес жоба құруды және мемлекет тарапынан берілетін қаражатқа қалай қол жеткізуге болатынын білдім. Қазіргі таңда несие алуға қажетті құжатарды жинап жатырмын. Қаражат берілсе, адымен кафемді жаңа кейіпке келтіремін. Кейін ауылымды көркейтем деген ойымды іске асыра бастаймын,-дейді.

Қазір жанұялық бизнесіне айнала бастаған кафеде ұлы мен қызы оған қолғабыс етіп жүр. Ер бала плэйстейшн ойынына жауапты болса, қызы кігкентай болса да анасына көмектесіп кафе ішінің тазалығын қадағалап тұрады.

Бұрын соңды бұндай іспен айналысп көрмесе де бастаған ісін соңына дейін жеткізем деп отырған кәсіпкер кафесіне «В гостях у буратино» деген атау берген. Енді мичуриндіктерді асыға күтеді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале