10.07.2017, 10:42
Оқылды: 71

Ақсайда бөбекжай ашылды

Borli jana balabaksha   Елбасы тапсырмасын іске асыру мақсатында Ақсай қаласындағы 10-шағын ауданда жаңадан сәні мен сәулеті жарасқан, көз сүйсініп, көңіл қуантатын  320 орындық «Наурыз» бөбекжайы есігін айқара ашты. 2016 жылдың қыркүйек айында салынып басталған бөбекжай 9 айдың ішінде, өз мерзімінде ел игілігіне беріліп отыр.


   Бөбекжайдың ашылу салтанатна Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Бақтияр Мәкен, облыс әкімінің орынбасары И.Стексов және ардагер ұстаздар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

     -Біріншіден, баршаңызды бөбекжайдың ашылу салтанатымен құттықтаймын. Мұқағали ақынның "тарыдай боп кіріп, таудай боп шығасың" дегеніндей, бұл бүлдіршіндеріміз үшін үлкен мемлекеттік саясат деп білемін. Мемлекетіміздің дамуына Елбасымыз тікелей қолдау көрсетіп отыр. Себебі бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайда біздің Қазақстанымыз білім саласында 30 мемлекеттің қатарына кіруге талпыныс үстінде. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруы» өскелең ұрпаққа бағытталған. Сондықтан да мұндай балабақшаның ашылуы балаларымыздың рухани тәрбиесіне септігін тигізеді, - деді Бақтияр Мәкенұлы.

   Жаңа балабақшаның жұмысымен танысқан мәжіліс депутаты ғимаратты аралап көрді. Жас өрендердің тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Құрал жабдықтарының өзі де шетелдік емес, таза отандық өнім. Саз залы, спорт залы, кітапхана, сенсорлы бөлме сынды бөлмелерді қамтыған бөбекжайға 80-ге жуық жұмыскер қабылданбақ.

  «Бөбекжайдың 30-ға жуық орындығы березовтық балалар үшін»,- дейді аудандық білім беру бөлімінің басшысы О.Төлемісов. Екі қабатты ғимарат жас өркендерді сапалы тәрбиелеп, ой-өрістерінің өсуіне, білімді болып ер-жетуіне қолайлы заманның үлгісіне сай жасақталған. Бұл ҚПО б.в. компаниясының тапсырысымен жүзеге асқан бөбекжайдың мердігері «Орал Строй Инвестр» ЖШС болып табылады. ҚПО компаниясынан 756 млн. 505 мың теңге бөлінген.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале