10.06.2019, 16:43
Оқылды: 439

Ақсайда сұйық азот шығаратын зауыт ашылды

Бөрлі ауданы Ақсай қаласында «RT Alliance» ЖШС компаниясы сұйытылған азот шығаратын зауытты іске қосты.

IMG_6706

Жоба аймақтық кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Зауыт Қарашығанақ кен орына 40 жыл толуына орай, ҚПО компаниясының «Жергілікті қамту» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Жобаны іске асыру үшін 1 млн. АҚШ долларына инвестиция тартылған.

 -Біз осы арқылы азот импортына тәуелділіктен арылатын боламыз. Бұл зауытта сағатына 500 литр сұйық азот өндірілмек. Осы қарқынмен өзіміздің жергілікті мұнай өндіретін кәсіпорындарды сұйық азотпен түгелдей қамтимыз деген ойдамыз,-дейді «RT Alliance» ЖШС компаниясы директоры Талғат Қазиев.

IMG_6648

Зауыттың лентасын аудан әкімі Санжар Әлиев пен «RT Alliance» ЖШС компаниясы директоры Талғат Қазиев қиды.

IMG_6709

Сұйық азот өндіретін зауытты Санжар Жұматайұлы іске қосты.

IMG_6736

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

IMG_6729

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздіңInstagram-дағы парақшамыздан жәнеTelegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале