27.03.2017, 14:32
Оқылды: 35

Ақсайлық театр халықаралық байқаудан жүлделі оралды

teatr   Атырау қаласында өткен ІІІ халықаралық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-байқауына еліміздің тоғыз театры қатысып, бақ сынады.

   «Мұрагер» театрының режиссері әрі жетекшісі Әсел Молдағалиеваның айтуынша, үлкен топтағылар арасында Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академия бірінші орынды иеленсе, «Мұрагер» театры екінші жүлдені еншіледі.


         Жергілікті театр Болат Ұзақовтың «Үміт» психологиялық драмасын сахналады.

   Сонымен қатар көркемсөз жанры бойынша жоғары топтағылар арасынан «Мұрагер» театрының тәрбиеленушілері Биболат Ғайнолла бірінші, Әсемгүл Ерғалиева мен Нұрболат Бимағамбетов үшінші орынға ие болды. Ал кіші топтағылардан Әлихан Тасболатов дипломант атанды.

     Айта кетейік, дәстүрлі өнер байқауына Ресейдің Астрахань қаласынан келген мамандар да қатысты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале