15.10.2019, 10:42
Оқылды: 68

Ақтаулықтар ауыл күнін тойлады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылында «Ауылдан адам кетсе де, адамнан ауыл кетпейді» деген атаумен ауыл күні аталап өтті.

shingyrlau (1)

Ауыл күні салтанатты жиынмен басталып, жиында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев қуанышты сәтпен құттықтады. Ал Ақтау ауылдық округінің әкімі М.Тасболатов ауылдың дамуына атсалысқан жандарды алғыс хатпен марапаттады.

shingyrlau (3)

Күні бойы концерт қойылып, аударыспақ, арқан тартыс, қой көтеру, қол күресі, теңге ілу және бәйгеден жарыс ұйымдастырылды. Қол күресінен бірінші орынды Ақтау ауылының азаматы Ғ.Бисқалиев жеңіп алды. Арқан тартуда бірінші орынды Ақшат ауылдық округі командасы, 1 шақырымға жүгіруден Қ.Асқаров, 500 метрге жүгіруден М.Мансұр бірінші орын алды. Қой көтеруден ақшаттық Б.Жарылқасынов І орынға ие болды.

shingyrlau (3)

Ал 12 шақырымдық бәйгеде мәреге Қарағаш ауылдық округінің тұрғыны Өмірбек Алмағамбетовтың аты бірінші жетіп, бас жүлде 100 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Ардақ ауылдық округінен қатысқан Қайрат Мұхамеджановтың тұлпары ІІ, ащысайлық Аслан Кабиевтің аты ІІІ келді.

shingyrlau (7)

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале