21.06.2018, 10:16
Оқылды: 18

Ақтөбеден жеңіспен оралды

35885863_474660589655441_5193916561076781056_n10-18 маусым күндері Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 14 облыс және Астана, Алматы қалаларынан 333 спортшы қатысты.

Байрақты бәсекеде Жаңақала ауданының спортшылары Батыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғап, жүлделі оралды.

Атап айтар болсақ, классика түрінен 11 жас ұлдар арасында Нұрберген Түсіпқали I орынды, 9 жас қыздар арасынан Аида Баймұхан II орынды еншіледі. Ал,  рапид түрінен 11 жас қыздар арасынан Інжу Қайржанова  II орынды, 9 жас қыздар арасынан Айназ Сақтаған III орынды иеленді.

Сондай-ақ блиц түрінен 11 жас қыздар арасынан Інжу Қайржанова  мен 9 жас ұлдардан Бейбарыс Жолдасқали  III орынға лайықты деп танылды.

Бұл жарыста БҚО командасы жүлделі III орынға ие болды.

Сонымен қатар осы жарыстан орын алған Аида Баймұхан мен Бейбарыс Жолдасқали «ҚР спорт шеберлігіне кандидат» деген нормативті орындады.

 Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале