30.05.2017, 11:52
Оқылды: 18

Ақтөбелік кәсіпкер Ақбұлақта балық өсіруде

Елімізбен қатар шет ел бағындырған Қайыңды ауылының тумасы Абылай Есмағамбетов ауылды түлету керек дейді. Жас кәсіпкер қазір Ақтөбе қаласында тұрады.


Шыңғырлаулық азамат Ақбұлақ ауылдық округіне қарайтын жерден 400 гектар телімді пайдалануға алып, оған қоса көлемі 6 гектар «Жыланды» су қоймасын 3 жылға жалға рәсімдеген. Сөйтіп, 4 мың тұқы (карп) балығын әкеліп, суға жіберді. Тұқының майда шабақтарын «Магистраль» ЖШС-нен  сатып алған.

Оның айтуынша, балықтар келер көктемде уылдырық шашпақ екен. Бұйырса, кәсіпкер жігіт балықтардың тағы да 4 -5 түрін әкеп, оны да «бағып көрмек».

-  Су қоймасында биыл көп су жиналыпты. Үлкендердің айтуынша, көлдің астында үш бұлақ көзі бар екен. Оны ашып жіберу қажет. Балықтың онға жуық түрі, түрлі жәндіктерін айтпағанның өзінде үйрек- қазы бар, тырна, көкқұтаны, тіпті  аққулар мекендейді, –дейді Абылай.

Жас кәсіпкер осы жерге бау-бақша салып, құлпынай өсіруді де жоспарлауда.

Айсұлу Арыстанова,

 Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале