16.10.2017, 12:11
Оқылды: 25

Ақын мен әншіні қабылдады

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар премиясының иегері, ақын Қалқаман Сарин мен «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ибрагим Ескендірді қабылдады.

Аудан басшысы өзінің сөзінде елдің экономикалық жетілгені сияқты, рухани дамығаны, рухани өскені өнер өкілдеріне тікелей байланысты екенін айтты.

- Елдің алдындағы осы салмағын сезініп, өнер идеологиясына ерен еңбектер жасап жүрген ақын Қалқаман Сарин мен әнші Ибрагим Ескендір мырзаны бүкіл ел құрметтейді. Сырым ауданы да сол құрметтеушілердің қатарында. Сіздерге жемісті шығармашылық тілеймін! – деді Төлеген Төреғалиев. Қабылдау әрі қарай еркін әңгімеге жалғасты.

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале