4.02.2019, 17:35
Оқылды: 74

Ақжайық ауданы әкімінің қорытынды есебі өтуде

Ақжайық ауданы әкімінің тұрғындармен қорытынды есебі өтуде. Бұл шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Исқалиев, бірқатар басқарма басшылары қатысуда.

IMG_0492

         Ғали Исқалиев аудан басшысы Қалияр Айтмұхамбетовпен бірге алдымен аудан орталығындағы күрделі жөндеуді қажет ететін №1 аралас орта мектептің тыныс-тірлігімен танысты. 1975 жылы іргетасы қаланған білім ордасы ғимаратының 2006 жылы жартысы ғана жөндеуден өткен болатын. Ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайын және сараптамадан өткен. Қажет ететін күрделі жөндеудің құны 271 млн.теңге. Бұл мектепке күрделі жөндеу қажет-ақ. Даярлық топтың өзінде 104 бүлдіршін, мектеп жанындағы шағын орталықта 25 сәби тәрбиеленуде. Сонымен қатар мұнда эксклюзивті білім беру бойынша 10 әр түрлі жастағы оқушы білім игеруде. Мектепте түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Соның ішінде «Робототехника» үйірмесіне қызығушылар көп.

Сондай-ақ Ғали Нәжімеденұлы Чапаевтағы «Бұлақ» дүкеніне барды. Ол мұндағы тауар бағасымен, дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің өтімділігімен танысты. Ашылғанына 15 жылдан асқан аудан орталығындағы бұл дүкен халықты керегімен қамтамасыз етіп келеді. Айталық, мұндағы нан өнімдерін дүкен иелері өз наубайханасында пісіреді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Чапаевта «Ашық әкімдік» қызмет көрсету орталығы жасақталған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған жоба ашықтық, қолжетімділік, қызмет көрсету сапасы бағыттары бойынша іске асуда. Мұнда аудан әкімдігі аппараты, экономика және қаржы, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері қызмет көрсетеді. Ғ.Исқалиев мұның маңызды екенін атап көрсетті.

Барлық жердегідей, Ақжайық ауданының халқы Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласын, одан туындағын ауқымды бастамаларды үлкен серпіліспен қабылдады. Оның дәлелі өткен екі жылда ауылдарда мысалы, тұрғындардың, жылдар жүзіндегі мектеп түлектерінің демеушілігімен спорт алаңдары, саябақтар салынды, көріктендіру мақсатында ауқымды істер жүзеге асырылды, тәрбие және оқу ордаларының материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Сөйтіп, 2017 жылы 11 млн. 586 мың теңгенің 21 жобасы жүзеге асырылса, 2018 жылы 70 млн. 470 мың теңге көлеміндегі 45 жобаны ел игілігіне табыстады. Бұл демеушілердің туған жеріне деген перзенттік ықыласының айрықша көрінісі болып табылатыны сөзсіз. Бұл жайында мәдени-демалыс орталығында орналасқан көрмеге жасалған шолуда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Исқалиевке кеңінен баяндалды.

Сондай-ақ осы жерде аудандағы жастар саясаты туралы көрмеге шолу жасалды. Ақжайық ауданында 8674 жас бар. Бұл – аудан халқының жалпы санының 21 пайызы. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында аудан бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» Жастар қанатының филиалы, жасөспірімдер ұйымы, еріктілік, көшбасшылық, пікірталас клубтары жұмыс жасайды. 2018 жылы түрлі форматта 262 шара ұйымдастырылды.

IMG_0503 IMG_0532 IMG_0554

Бекболат Қаленов.

суреттерді түсірген Нұрхат Мағзом

© zhaikpress.kz

Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале