12.03.2018, 11:16
Оқылды: 40

Ақжайық ауданында ерекше акция өтті

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы Краснояр орта мектебінде «Құстарға қамқорлық» және «Балықтарға аэрация» акциясы жүргізілуде.

Бағырлай өзені мен Ылди деген жерлердегі шағын қарасудағы балықтың тұншықпауы үшін мұз астына оттегі жіберу жұмыстары ұйымдастырылды. Яғни, мұз үстінде 100-ден астам түрлі ойық жасақталды, қамыс бумалары орнатылды.

Сонымен қатар ұл-қыздар мұғалімдермен бірге еңбек сабақтарында өздері жасаған құстардың ұяларын Жайық өзенің жағалауындағы теректерге ілуді бастады. Бұл шараларды «Экология» үйірмесінің жетекшісі Д.Тапаев шәкірттермен бірге Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Б.Райымқұлов, Н.Қалиев, Е.Килишев, Қ.Меңдіғалиев, А.Шерстянкин, А.Қайырғалиев, Т.Душаевқа ілесіп орындауда. Бүгінге дейін оннан астам ұя тоғайдан орын алды.

– Осы шаралар барысында аталған мекеменің аңтанушы маманы Талғат Мұратұлы балаларды туған өлке табиғатымен таныстырып, өсімдіктер мен жануарларды бақылап, зерттеу, қорғау жолдары жөнінде наурыздың ашық аспаны аясында дәріс ұйымдастырды,-дейді Краснояр орта мектебінің мұғалімі Қамажай Илиясова.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале