22.08.2017, 14:36
Оқылды: 19

Ақжайық ауданында ғылыми-танымдық конференция өтуде

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта белгілі тарихшылар, ғалымдардың шақырылуымен «Ақжайықтағы Алаш іздері» атты ғылыми-танымдық конференциясы өтуде.


Шарада филология ғылымдарының кандидаты, алаштанушы Мақсат Тәж-Мұрат, Х. Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті "Мәңгілік ел" ғылыми орталығының директоры, тариx ғылымдарының докторы, профессор Аққали Аxмет және М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Қазақстан тариxы және өлкетану» ғылыми орталығының жетекшісі, тариx ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев қатысып, Алаш тақырыбында баяндамалар оқуда. Сонымен қатар өңірлік тариxшылар төрт кезеңге бөлінген жиналыста Алаш хақында ой қозғамақ.

Конференцияға қатысушыларды аудан әкімі Әділ Жоламанов қарсы алды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале