10.05.2017, 15:27
Оқылды: 44

Ақжайық ауданында облыстық «Ұлы дала ойындары» өтті

Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінде Жеңістің 72, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Ұлы дала ойындары» атты ат спорты түрлерінен облыстық ашық турнир өтті.


15 шақырымдық бәйгеде І орынды сырымдық Серік Мүтиевтің шабандоз Ерасыл Бүркітов тізгіндеген «Байшұбар» аты, 21 километрлік аламан бәйгеден қазталовтық Асылхан Төлеуғалиевтің Әлібек Бәйдеев тізгіндеген «Шаһир» атты сәйгүлігі бірінші келді.

Көкпар ойындарында Зеленов ауданының командасы жеңіске жетті. Аударыспақтан жаңақалалық Қолғанат Серікке тең келер ешкім болған жоқ. Теңге ілуден Қазталов ауданынан келген Мағжан Жеңісов жеңімпаз танылды. Қой көтеруден будариндік Рүстем Күнбатыров 3 минутте 80 рет көтеріп, қойды жеңіп алды.

Сонымен қатар осы мерекеге орай 6 мамырда Ақжол, Алғабас, 7-сі күні Алмалы, Сарытоғай, 8-і күні Тайпақ, Жаңабұлақ, Есенсай, 9-ы күні Қарауылтөбе, Құрайлысай ауылдық округтерінде де дала қызықтары ұйымдастырылды.

Рақмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале