14.05.2019, 18:00
Оқылды: 403

Ақжайық ауданында сәуірден бері 4 адам суға кетті

Бүгін таңертең Ақжайық ауданының төтенше жағдайлар бөліміне Киров су қоймасынан қайғылы хабар жетті.

DSC_0389

 1960 жылғы оралдық азамат балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың кесірінен суға батып, қаза болған.

 - 2019 жылдың 21 сәуірі ауданның Тайпақ ауылдық округі Шабдаржап ауылы маңында 1977 және 1983 жылы туған екі адам Жайық өзенінде балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан суға кетіп, қаза болды. Сондай-ақ 12 мамырда Тайпақ ауылындағы 2008 жылы туған жасөспірім Жайық өзеніне суға түсу кезінде батып кетті. Денесін 13 мамыр күні жергілікті тұрғындар шығарды,-дейді Ақжайық ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Темірхан Кажгалиев.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале