30.05.2018, 15:06
Оқылды: 15

Ақжайық ауданында жыл басынан бері 11 тұрғынға айыппұл салынды  

 

IMG_2829Бруцеллезге шыққан түліктерін мезгілінде жоймағаны үшін айыппұл арқалады.

Ақжайық ауданында үш тұрғынға (Базаршолан, Сарытоғай және Тайпақ ауылдарынан) бруцеллезге шыққан ірі қараларын мезгілінде оқшаулап және арнайы сою орнына белгіленген мерзім ішінде тапсырмаған үшін 48100 теңгеден айыппұл салынды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Азамат Алхамбетовтің айтуынша, жыл басынан бері осымен 11 тұрғынға аталған себептерге байланысты айыппұл салынды.

«Кеселге шыққан түлікті уақытылы жоймау заңсыздық болып есептеледі. Сондықтан айыппұл салуға мәжбүрміз. Бәрінен бұрын мал иелері өздерінің және маңайындағылардың денсаулығына салғырт қараудан тиылмауда. Өкінішке қарай, бұндай жағдайлдар әлі күнге азаймай келеді»,- дейді А.Алхамбетов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале