14.08.2017, 16:00
Оқылды: 22

Ақжайық ауданындағы жастар күні

Ақжайық ауданы орталығындағы Н.Майданов атындағы саябақта Халықаралық жастар күніне арналып мереке ұйымдастырылды.


Соңғы кезде жаңартыла түсіп, тартымды демалыс орнына айналып келе жатқан осы жерге жиналған қыз-жігіттерді, барлық үлкен-кішіні, ауыл меймандарын аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтап, сөз сөйледі.

-Ауданда 2009 жылдан бері «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 456 жас маман көтермеақы алды, тұрғын үй несиелерін алғандар да аз емес. Биылдың өзінде 90 жас маман еңбек ұжымдарында «Жастар практикасынан» өтуде. «Қай салада болмасын, өрендер жаңалыққа, уақыт талабына құштарлық танытары сөзсіз,- деді Ә.Жоламанов.

Халықаралық жастар күні құрметіне Олардың арасында айталық, велоспорттан жаттықтырушы Аслан Нұрымов, «Жастар практикасына қатысушы» Данил Досқалиев, аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкері Әнуар Қайыржанов, «Әдемі» триосы (Мәдина Нұрсейілова, Зергүл Зейнуллина, Мәдина Мұхамбетқалиева), аудандық балалар музыка мектебінің оқытушысы Сәтжан Сүйеуғалиев, «Жасыл ел» қозғалысының белсендісі Максим Мағзом, сондай-ақ өрт кезінде «тілсіз жаумен» күресте алдыңғы шепте болған Сағын Сатыбалды (Базаршолан), Жамбыл ауылынан кәсіпкер Алтынбек Боранбай сынды жастарға алғысхаттар тапсырды.

Көркемөнерпаздар, мәдениет қызметкерлері концерт берді.

Абзал ҚОСЖАН

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале