2.05.2018, 15:28
Оқылды: 16

Ақжайықта бокстан турнир өтті

Кеңес Одағының Батыры Михаил (Бимағанбет) Абдоловтың 100 жылдығына арналып бокстан жасөспірімдер және одан кіші боксшылар арасында Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі Ақжайық адуанының Тайпақ ауылында ұйымдастырылды. Оған Орал қаласы мен Сырым, Зеленов, Ақжайық аудандарынан барлығы 84 оқушы қатысты.

Шараның ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Хайруллин мен Тайпақ ауылдық округінің әкімі Болат Шәленов құттықтау сөз сөйледі. Олар Михаил атаның алысқа мәлім ерлік және еңбек жолын жас ұрпақтың оқып-үйренуі ғұмырдарияда пайдасы ұшан-теңіз екенін айтты.

Жалпыкомандалық есеп бойынша 9 бірінші, 8 екінші және 12 үшінші орындарды иеленген ақжайықтықтар І орынды иеленді. Оларды жарысқа бапкерлер Данияр Сейітқалиев, Тілек Қозбақов, Нұрсұлтан Мәдениетов және Ерлан Хамзин дайындады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале