21.09.2018, 12:00
Оқылды: 18

Ақжайықта Кеңес Одағының Батыры М.Абдоловтың ғасыр тойын мерекелеу басталды

Ақжайық ауданында Кеңес Одағының Батыры Михаил (Бимағамбет) Абдоловтың 100 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды.

IMG_6324

            Даңқты датаға байланысты ұйымдастырылған Чапаев – Жамбыл бағытындағы «Ақжайық марафоны - 2018» эстафеталық жаяу жүгіру жарысы аудан орталығынан бастау алды. Чапаев ауылындағы кіреберіс арка алдынан қозғалған марафон эстафетаға қатысушылар 64 шақырымды жүгіріп өтпек.

            Жарысқа аудандағы 18 ауылдық округтен 14 спортшыдан қатысуда. Топ құрамында он бір ер адам, екі әйел адам және бір мемлекеттік қызметкерден бар. Айталық, жарыс 14 қашықтықтан құралған. Яғни, ерлер 5 шақырымнан, нәзік иықтылар 2 шақырымнан эстафетаны табыстайды.

            Батыр мерейтойына арналған марафон эстафета М.Абдоловтың туған жері Жамбыл ауылдық округінде қортындыланады.

Бекболат ҚАЛЕНОВ,

Суретті түсірген Нұрхат МАҒЗОМ

Ақжайық ауданы

IMG_6321

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале