5.05.2018, 15:49
Оқылды: 39

Ақжайықта «Кино – бук» жобасы жүзеге асырылды

DSC_0073Ұлы Жеңіс күніне орай Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Кино – бук» жобасын жүзеге асыруда.

Яғни, Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы белгілі кітаптардан, көптеген құнды жарияланымдардан бейнероликтар жасалып, мұны қалың оқырман қызыға тамашалауда. Тек аудан орталығы емес, бүгінге Жаңабұлақ, Мойылды, Мерген, Жайық ауылдарының жұрты өздерінің кітапханаларынан «Кино – букті» көрді. Бүгінде 100 жылдығы аталып өтіп жатқан Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдолов туралы деректер жинағы да аса қызығушылық туындатып отыр. Тұрғындар сонымен қатар кітапханашылар дайындаған «Мәңгілік қорған», «Мәңгілік алау» инсталяциясымен, майдангер қаламгерлердің соғыс кезіндегі мақалаларымен де танысып, ой-толғамдарын ортаға салуда. Жобада өз облысымыз қаламгерлерінің соғыс тақырыбына арнаған шығармалары да жеткілікті.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале