31.12.2020, 10:14
Оқылды: 41

Ақжайықта спортшыларға құрмет көрсетілді

Жаңа жыл қарсаңында Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов спортшылар және сала ардагерлерімен кездесті.

IMG_8225

Жүздесуде аудан басшысы Қалияр Шадиярұлы бұқаралық спортты дамытуда атқарылған игі істер жайында біраз деректер келтірді. Аудандағы 18 ауылдық округ орталықтары заманауи спорт алаңдарымен  қамтылды. Аудан орталығында құрылысы басталған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ашылуы – келер жылдың еншісінде. Келешекте тап осындай нысанды Тайпақ ауылында да салу жоспарда бар.

Бұқаралық спортты дамыту бойынша ауданда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен «Жігер» спорт клубы жұмыс істейді. Қазіргі таңда аталмыш мектепте 13 спорт түрінен 1042 жасөспірім жаттығуда. Індеттің салдарынан бұқаралық спорт шараларын өткізу шектелгенімен, түрлі  жарыс, біріншіліктер қашықтан ұйымдастырылып, енді бірі көрерменсіз өткізілді.

IMG_8268

Шара аясында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлестері үшін аудан әкімінің алғыс хатымен бірқатар дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, спортшылар марапатталды.

Шара спорттық ойындармен жалғасты.

Ләззат Өтегенова,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале