27.10.2020, 12:08
Оқылды: 30

Ақжайықтан жүлдемен оралды

Жуырда Ақжайық ауданында өткен аймақтық техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «WorldSkills Oral – 2020» жүлдегерлерін Тасқала аудандық колледжі директоры Данияр Дүйсенғалиев құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Қатысушыларды салтанатты марапаттау аудандық колледж залында өтіп, оған ұжым мен студенттер қатысты.

9E7E4F72-9270-4FFC-84FE-0E983B699C93

Алғаш құттықтау сөз алған Данияр Дүйсенғалиев жүлдемен оралғандарды құттықтап, бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыстады. Ол өз сөзінде WorldSkills турниріне тоқталып, бұл жиынға қатысып отырған студенттерге өз мамандықтары бойынша бақтарын сынауға дайын болулары керектігін айтты.

– WorldSkills – бұл халықаралық деңгейде өтетін үлкен жарыс. Батыс Қазақстан облысының аймақтық кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында сайыс өтіп, бұл шарада облыс бойынша алты колледж студенттері бақ сынаған болатын. Оқушым Манарбек Намазов екеуміз ауылшаруашылық мамандығы тракторист-машинист мамандығы негізінде бақ сынадық. Қазіргі жағдайға байланысты онлайн хабарлама беріліп, Ақжайық ауданында өткізілген еді. Жергілікті ұйымдастырушылар тиісті құралдардың бәрін әзірлеп, арнайы бағдарламамен ІІ орынды еншіледік. Жарыс өте жоғары деңгейде, қатаң талапта өтті. Біз екі модульде жұмыс жасадық. Бірінші модуль – ауылшаруашылық машиналарының кесуші құрылғысын бұзып таратып, қайта орнына жинап реттеу. Екінші модуль – трактор көлігінің қоректену жүйесінің техникалық қызмет көрсетуі, – дейді аудандық колледждің мұғалімі Қаныбек Мұхамбетжанов.

Болашақта өз ісінің білгір мамандары атанар студенттердің бұл жүлдесі көпке жұғысты болғай.

Б.Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале