19.05.2017, 11:32
Оқылды: 57

Ақжайықтық инспекторлар 23 дана иесіз ауды жойды

Akjayik audi joidi     БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Марат Исенғалиев, және аталған мекеме қызметкерлері Андрей Васильев, Аян Жұбаев кезекті тексеру кезінде Мерген ауылдық округіне қарасты Мойылды елді мекені тұсынан 23 дана ауды анықтады. Жайықтағы иесіз аулардың жалпы ұзындығы 420 метрді құрады.


      - «Таза су айдындары» атты осындай акцияға байланысты біз табиғат жанашырларымен тығыз байланыс орнаттық. Заңсыз балық аулаумен күреспен қатар өзендердің тазалығы үшін әрдайым ат салысатын боламыз,- дейді аталған инспекциясының мемлекеттік инспекторы Марат Исенғалиев.

       Мекеме қызметкерлері Жайықтан жиналып алынған иесіз ауды өртеп, көзін жойды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале