5.02.2018, 17:14
Оқылды: 69

Ақжайықтық кәсіпкерлер мемлекетке 242,9 млн. теңге берешек

Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов халық алдында есеп беруде. Есеп беру жиынына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.

Әділ Тауфиқұлының айтуынша, жерілікті тұрғындар несиеге берілген қазына қаржысының 242,9 млн. теңгесін қайтармай отыр.

Ақжайық ауданында 2012 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен берілген несиені қайтару өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сол 2012 жылы ауданда 82 несие серіктестігі құрылып, 511,0 млн. теңге несие берілген болатын. Бүгінде оның 65,4 пайызы көлемінде қайтарылып отыр. Қайтарылмай отырғаны 242,9 млн. теңге, яғни 34,6 пайызы. Бұл бағытта жұмыстар тиісті заң аясында жүргізілуде, - деді аудан әкімі.

«Жайық таңы»

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале