29.12.2018, 12:19
Оқылды: 28

Ақжайықтық оқушы VI Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ақжайық ауданы Чапаев №1 мектебінің 11-сынып оқушысы Мұстафа Махамбетұлы жуырда Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында спорттық бағдарлаудан өткен VI Азия ойындарында республика құрама командасы сапында өнер көрсетіп, орта қашықтықта ІІ орын алып, күміс жүлдегер атанды.

SONY DSC

SONY DSC

         Бірінші күні ол спринт бойынша 7-ші келсе де, екінші күні орта қашықтықтан намысты қолдан бермеді. Үшінші күні өткен эстафета бойынша Мұстафа екі әріптесімен бірге төртінші келді. Азия ойындарына Батыс Қазақстаннан Мұстафа Махамбетұлы мен облыстық туризм және экология орталығының спорттық бағдарлау нұсқаушысы Дәуіт Жанболат қатысқанын айта кеткен жөн.

Бекболат Қаленов

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале