24.11.2017, 11:12
Оқылды: 48

Әлем чемпионатының күміс жүлдегерін қабылдады

IMG_7846Кореяның Сеул қаласында гір спортынан өткен әлем чемпионатында 95 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс медаль иегері атанған Ақсай қаласындағы №3 ЖББОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ғұмар Әжіғалиевті аудан әкімі Алдияр Халелов қабылдап, құрмет көрсетті.  


 Алдияр Сансызбайұлы спортшыны әлемдік деңгейдегі жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жастарға үлгі болып, аудан мерейін асқақтата беруіне тілектестігін білдіріп, сыйлығын тарту етті.

Қабылдауға қатысып отырған өзге де спорт ардагерлері мен Ғ.Әжіғалиев еңбек ететін білім ошағының басшысы Надежда Шиганакова да жылы лебіздерін білдірді.

гумарСайдың тасындай іріктелген ылғи мықтылар сынға түскен бәсекеге Қазақстаннан 40 шаққа жуық спортшы қатысқан. Аталған додада жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстан мемлекеті екінші орынды еншіледі.

- Жарысқа 4 ай дайындалдым. Менің осындай жетістікке жетуім жолында аянбай еңбек етіп, дайындаған бапкерім Исатай Қарабаевқа рахметімді айтамын, -дейді Ғұмар Сағидоллаұлы.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале