29.06.2017, 12:33
Оқылды: 46

Әлемді мойындатқан спортшыларды қабылдады

каратэшілер 017Сербия астанасы Белград қаласында каратэден өткен әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғап, жүлделі оралған зеленовтық спортшыларды аудан әкімі Кәрім Жақыпов қабылдады.


Ел насымын ту еткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Нұрдәулет Саматов пен Полина Уварова және осымен үшінші мәрте әлем чемпионы атанған таланты спортшы Аида Имақановаларға құрмет көрсеткен Кәрім Каримоллаұлы: -Сіздер әлем алдында абыройымызды арттырып, қазақ елінің имиджін қалыптастыруға үлкен үлес қостыңыздар. Бүгінгі жеңістерің арттарыңыздан ерген іні-қарындастарыңызға жұғысты болсын. Бұл жеңіс оңай болмағаны білемін. Алыстағы Балқан түбегінде көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатқандарыңыз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін,-деген тілегін жеткізіп, спортшыларға бағалы сылықтар табыс етті. Одан соң каратэшілерді баптап, додаға қосып жүрген бапкер Фархад Жалмурзин сөз алып, әлем біріншілігіне баруға қол ұшын берген жанашыр жандарға ризашылығын білдірді.

Алдағы уақытта біріншіліктен оралған спортшылардың жарақаттарын емдеп, тынығу үшін демалыс орындарына жолдама алып беру көзделуде.

Кездесуге жарыста алған жарақатын емдеп жатқан тағы бір күміс жүлде иесі Николай Сеннов келе алмады.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале