21.07.2017, 18:05
Оқылды: 33

Әлеуметтік жәрдем көрсетілді

Тасқала аудандық прокуратураның бастамасымен «Пробация кабинеті» сотталғандарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесудің тиімділігін қарастырды. Онда пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға жағдай жасау мақсаты көзделді.


Нәтижесінде «Атамекен» ҰКП жаңынан ашылған «Пробация кабинеті» арқылы 11 сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек берілді. Соның ішінде 8 адамға медициналық және психологиялық қызмет көрсетілсе,5 адам жұмыспен қамтылып, 1 адам оқуға жолданды. Сондай-ақ аталмыш кабинет арқылы өз ісін бастағысы келетін сотталғандарға ҰКП мамандары кәсіпкерлікті ашу бойынша кеңес берді.

Әсемгүл Бекешева

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале