19.04.2017, 19:01
Оқылды: 28

Алқалы мәжілісте – ауқымды мәселелер

Қаратөбе ауданы әкімі Асхат Берлешұлының төрағалығымен алқалы мәжіліс өтті.


Күн тәртібіне қойылған санитарлық-экологиялық тазалық айлығының жариялануына орай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Әмірғали хабарлама жасады.

Өз кезегінде бөлім басшысы Айдос Орынбайұлы елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, ауылдық округтер ішінде бейнебақылау қондырғыларын орнату мәселелерін көтеріп, ұсыныс тастады.

Одан соң аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев баяндама жасап, ауданның білім беру саласындағы жұмыстардың басты көрсеткіші ҰБТ-ге дайындық, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен жүзеге асыру мәселелеріне қаузады.

- Ауыл тазалығын сақтау – баршаның міндеті. Туған жердің көркейіп, гүлденуі үшін қоршаған ортаға деген әр азаматтың, әр тұрғынның патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігі болуы тиіс. Сонымен қатар тұрғындар қауіпсіздігі мәселесін де алдыңғы кезекте ұстауымыз керек. Өйткені елдің тыныштығы, халықтың татулығы мен тұтастығы басты назарда болуы тиіс, - деді аудан басшысы А.Шахаров.

Мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы Асхат Берлешұлы бірқатар мекеме басшыларына тиісінше тапсырмалар жүктеді.

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале