28.08.2017, 15:57
Оқылды: 66

Алмалы ауылы тұсында тағы көлік апаты болды

Akjayik atoapat   Орал-Атырау жолының 255 шақырымында Ақжайық ауданының Алмалы  ауылы тұсында 26 тамызда, сағат 12.55 шамасында жол-көлік оқиғасы болды.


  Ресей азаматы басқарған «Ауди» көлігі Атырауға бағыт алған бетінде «Мерседес» автомашинасымен соқтығысқан. Осының салдарынан «Мерседестегі» жолаушы әйел, 1992 жылы туған, оқиға орнында көз жұмды. Онымен бірге болған басқа төрт жолаушы түрлі жарақаттармен бірнеше шақырым жердегі Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі алғашқы көмек көрсетілген соң облыстық ауруханаға апарылды.

   Ақжайық аудандық ІІБ мемлекеттік автоинспекторы, полиция капитаны Мақсат Түгелбаевтың айтуынша, бұл дәл осы тұста апта ішінде болған екінші апат. Бір күн бұрын бұл жерде жеңіл автокөлік «ГАЗель» жүк көлігінің артына соғылып, екі адам зардап шекті, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале