24.01.2020, 17:18
Оқылды: 805

Ангустар төлдей бастады

Сырым ауданындағы «Арайлы» шаруа қожалығына 2018 жылы Мәскеу қаласынан 48 абердин-ангус қашары жеткізіліп, табынға Павлодардан әкелінген екі бұқа қосылған-ды.

dav

- Абердин-ангус – сиырдың етті тұқымы. Ең бастысы ірі қара біздің жаққа тез жерсінді. Алғашқы төлдердін де көре бастадық. Әзірге 4 бас бұзаулады. Қысқа әзірленген 800 бума шөп, 15 тонна жеміміз бар, - дейді қожалық жетекшісі Айбек Халықов әңгіме арасында.

dav

Айта кетелік, бұл қожалық ірі қарамен бірге  жылқыны асылдандыруға да бет бұрып отыр. Осы бағытта жақында Ақтөбе облысынан 23 бас мұғалжар жылқысын алып келсе, тағы 10 бас келеді деп күтілуде.

sdr

sdr

Талдыбұлақ ауылдық округіне барған сапарында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев шаруа адамдарымен жүздесіп, алдағы ой-жоспарларымен танысты. Еңбектері еселене түсуіне тілек білдірді.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале