2.04.2018, 12:33
Оқылды: 24

Ардагер педагогтар бас қосты

ardager akjaikАқжайық аудандық білім бөлімі аудан орталығындағы үш мектеп, агротехколледж, «Ақбота» балабақшасында әр жылдары еңбек еткен алдыңғы буын өкілдерінің басын қосты.

Жыл басы құрметіне өткен бұл жүздесуде оларды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтап, сөз сөйледі. Ол ардагерлердің хал-жағдайын сұрап, ортақ тірлікке қатысты пікірлерін тыңдады.

Сонымен қатар Ә.Жоламанов меймандарды ауданның экономикалық-әлеуметтік тыныс-тірлігімен таныстырды. Жұрт болып жұмыла орындайтын істерге, жас ұрпақ тәрбиесіне еңбек ардагерлерінің ықпалы сөзсіз қажет. Жиналғандар осы орайдағы өздерінің пайымдарымен бөлісті.

Ардагер-педагогтар Жібек Мүтиева, Шәмшия Имаққызы, Нина Гузикова, Бәтес Құлбарақова, Марат Досмұхамбетов және басқалары кездескен қиындықтарды бірлесіп жеңген еңбек жолдарынан естеліктер айтып, бүгінгі білім саласындағы жетістіктерді баянды етуге тілектерін арнады. Жүздесу құрметіне Ақжайық музыка мектебінің ұжымы өнер көрсетті.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале