20.11.2019, 12:13
Оқылды: 105

Ардагер ұстазды құттықтады

"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева Амангелді мектебінің ардагер ұстазы Роза Тілепбергенованы 70 жасымен құттықтады.

tasqala ustaz

-«Ұстаз деген – жүректің батырлығы» демекші, cіз ұзақ жылдар білім саласында абыройлы қызмет атқарып, жүздеген шәкіртті қанат қақтырдыңыз. Сізге алда да зор денсаулық, қажымас күш-қайрат тілейміз,- деп өзінің ізгі тілегін жеткізген Люция Әсетқызы аудан әкімінің алғыс хатын да табыстады.

 Ұзақ жылдар ауыл мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген жоғары санатты ұстаз Роза Алексейқызы аналық ақ алғысын жаудырды.

Әсем Серік

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале