8.01.2018, 11:27
Оқылды: 29

Ардагерді құттықтады

 

Соғыс және еңбек ардагері Жәнібек және Қаратөбе аудандарының құрметті азаматы, доғарыстағы полковник Жәмелетдин Ысқақов 95 жасқа толды.

Жәнібек ауданында ұзақ жылдар басшылық қызметтерде болған ол қазір Орал қаласында тұрады.

Осыған орай Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев бастаған топ арнайы барып, ардагерді мерейжасымен құттықтады. Алдағы уақытта да жастан-жасқа жете беруіне тілектестіктерін білдірген олар ақсақалға құттықтау хат табыстап, иығына шапан жапты.

                                                                                       Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале