23.02.2017, 15:37
Оқылды: 79

Ардагерлер арасында үздіктер анықталды

Жәнібек ауданында ардагерлер арасында шахмат, дойбы және бильярд ойындарынан турнир өтті. Шара «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жарысқа Жәнібек, Қамысты, Ақоба ауылдары мен Ресейдің көршілес Палласовка қаласынан командалар қатысты.


Шахматтан сынға түскен қатысушылар жүлдені былайша бөлісті. Жәрдем Дүржібаев, Халиолла Исқалиев (Палласовка) және Қадер Орақаев (Жәнібек ауылы) сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші орындарды иемденді.

Ал дойбы ойынынан Халиолла Исқалиев пен Жәрдем Дүржібаев бірінші және екінші орындарды бөліссе, қамыстылық  Қасымғали Асанғалиев үшінші орынды місе тұтты.

Бильярдтан жеңімпаз деп Мұса Айтқалиев (Жәнібек ауылы) танылды. Екінші және үшінші орындар Телман Ғұсманов пен Жәдігер Мұстафинге (екеуі де Жәнібек ауылынан) бұйырды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге медаль, диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Д.ЗЕННАТ,

Жәнібек ауданы.    

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале