10.07.2017, 10:47
Оқылды: 111

«Аруна» сұлулық салоны ашылды

Janakala Aruna     Жаңақала ауданы орталығында «Аруна» сұлулық салоны ашылды. Бұл қуанышқа аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали, аудан әкімінің орынбасарлары, кәсіпкерлік саласының басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Аталған шағын кәсіпкерлік нысанның иесі Арман Ермеков 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.


     Салонда алдағы уақытта шаш қию, тырнақ бояу және жөндеу, қас-қабақ түзеу-сәндеу, макияж жасау, массаж қызметі, шугаринг қызметтері көрсетіледі. Айта кетерлігі, қызмет көрсетудің бағасы да ондай қымбат емес. Сәні мен салтанаты жарасқан бұл кәсіпкерлік нысаны көпшіліктің көңілінен шықты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2 млн. теңге несие алып, кәсібін бастаған Арман Темірғалиұлы болашақта нысанның бір бөлігін дүкен етіп ашпақшы.

   Нысанның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы кәсіпкерді құттықтап, сәттілік тілеп, тұсаукесер рәсімін жасады. Мұнан соң Жаңақала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Валиев жүрекжарды лебізін жеткізіп, ақ батасын берді.

    Жиын соңында А.Темірғалиұлы аудан әкімдігіне, қуанышын бөліскен ел-жұртқа ризашылығын білдірді.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале