26.04.2019, 22:35
Оқылды: 38

Ащысайға «Ақбұлақтың» суы жетер күн жақын

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысып, алдағы күннің жоспарына да қанықты.

IMG_6618

Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары ең алдымен Ащысай ауылдық округінде болып, «Өңірлерді дамыту бағдарламасының» «Ақбұлақ» бағыты аясында жүзеге асып жатқан ауыз сумен қамту жұмысын көрді.  Сонымен қатар судың  сапасы, қоры туралы мәліметтерге қанықты. Жылдар бойы ауыз судан тапшылық көріп келген ауыл тұрғындары үшін бұл бір игілікті іс екенін айта келе, жұмысты мұқият орындауды тапсырды.

IMG_6683

Бағдат Оразалдыұлы Ұрсай ауылы маңындағы және Шыңғырлау-Сегізсай бағытындағы 32 шақырымдық жолдың жөндеу жұмыстарымен жете танысып, басталған жұмыстың сапалы, әрі уақтылы жүзеге асырылу керектігін айтты. Шыңғырлау өңірінде жұмыстар ырғақты және үлкен ұйымшылдықпен жүріп жатқанына көңілі толып, аудан әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале