15.03.2018, 11:04
Оқылды: 35

Асық атудың үздіктері анықталды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында Зеленов ауданы Қасым Аманжолов атындағы мектепте ұлттық «Асық ату» ойынынан олимпиада мәреге жетті.

Наурыздың 12-сі күні басталған шараның қорытынды кезеңіне өткен 10 оқушы  амал мерекесінде ақтық сынға шықты. Мергендік пен тиянақтылықты талап ететін ұлттық ойынның тартысты болғаны соншалық, екі сағатқа созылды. Орта буын мен бастауыш сынып оқушылары өзара екі топта бақ сынап,  кіші топтан 2-сынып оқушысы Тоғызбай Саят, үлкен топтан 8-сынып оқушысы Ғайса Әділет жеңімпаз атанды.

Ұлттық ойынның қорытынды бәсекесін тамашалаған аудандық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Абдушев, ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Әжкенов, Переметный ауылдық округінің әкімі А.Жұмақұловтар мектеп оқушылары мен ұжымын құттықтап, игі бастаманың жалғасын табуын тіледі.

– Асық атудан алғаш рет мектепішілік олимпиада ұйымдастырып балалардың қызығушылығын байқадық. Сайыстың бірінші күні балаларымыздың қолындағы мол асықты көргенде қуанып қалдық. Ұлттық ойынды ұлықтап, бала-немерелеріне асық жинап отырған ата-аналардың бұл ісі бізге үлкен ой тастады. Ұзақ уақыт компьютерге отыратын, үздіксіз телефон ойнайтын баланың көңілін аударып, қызығушылығын өзгертуге ең тиімді тәсіл осы асық ойы. Бұдан әрі мектепте жүйелі түрде асық ату біріншілігін ұйымдастырып, жеңімпаздарымызды ұдайы марапаттап отыратын боламыз, - дейді мектеп директоры Роза Тасанова.

           Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале