4.12.2017, 14:14
Оқылды: 30

Атамекенге ауыз су берілді

Ақжайық ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Атамекен елді мекенінде ауыз су пайдалануға берілді. Атамекендіктердің көптен күткен бұл қуанышымен аудан әкімі Әділ Жоламанов ортақтасып, құттықтады.

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Ақжайық ауданында да жүйелі жүріп келеді. Биылдың өзінде 4 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып, орындалуда. Атамекен ауылындағы бүгінгі осындай игілікті істі сәтті аяқтаған мердігерге алғысымды білдіремін,-деді ол.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 203 млн. 594 теңге қаржы бөлінген ауыз су құбырларының құрылысын мердігер «Жиенбай» ЖШС жүргізген болатын. Су құбырының жалпы ұзындығы 8,3 шақырымды құрап, 500-ден астам халқы бар Атамекендегі 108 үйге тартылды. Айта кетейік, бұл орталықтандырылған су жүйесіне қосылған ауданымыздағы 22-ші елді мекен.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале