30.06.2017, 15:47
Оқылды: 61

Аудан әкімі үздік түлектерді қабылдады

Karatobe altin belgi kabildadi   Қаратөбе ауданы әкімі Асхат Шахаров аудан әкімінің мәжіліс залында «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін қабылдады.

   Биыл Қаратөбе ауданы бойынша 6 түлек қортынды аттестациясына сай «Алтын белгі» иегері атанса, 1 түлек « Үздік аттестат» иегері атанып отыр.


   Аудан басшысы Асхат Шахаров алтын алқа таққан түлектерді шын жүректен құттықтап, осының барлығы ұстаздар қауымының еселі еңбегінің арқасында екендігін айтып, елімізде мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдай жасалып жатқандығын айтып ата-ана мен түлектер қауымына алғыс хат пен сыйлықтар сыйлады.

   Айта кетейік, биыл Қаратөбе ауданының білім сапасының орташа бағамы 89 баллмен облыс бойынша 2 - ші орында тұр.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале