4.11.2019, 17:46
Оқылды: 1137

«Ауыл айнасында» жаңа редактор

Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Рауан Сәбитұлының бұйрығымен Қазталов аудандық филиалы «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы лауазымына Қайрат Есімғалиұлы Жақыпов тағайындалды.

Аудандық газеттің жаңа басшысы Қазталов ауданының әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен өткен аудан активінде таныстырылды.

Активке арнайы қатысқан «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Рауан Сәбитұлы Қайрат Есімғалиұлының жұмысына сәттілік тілеп, газетте өз ізбасарларын тәрбиелей білген газеттің бұрынғы редакторы Серік Ғабитұлы Жұмағалиевтің еңбегін ерекше атап өтті.

Аудандық редакцияға бас сұққан бас директор газет ұжымымен жүздесіп, ұжымның алдағы жұмысына шығармашылық табыс тіледі.

zhaikpress.kz

73504664_2614703758618070_990049459909951488_n qaztalov (4)

qaztalov (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале