13.07.2017, 16:55
Оқылды: 46

«Ауыл тынысында» жаңа редактор

_DSC0103«Жайық Пресс» ЖШС Зеленов аудандық филиалы «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетіне жаңа редактор тағайындалды.


Бұл орынға «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Нұржан Дүзбатыров отырды. Жаңа басшыға аудан әкімі Асхат Шахаров, «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Жантас Сафуллин сәттілік тіледі.

-Бұқаралық ақпарат құралдары ел өміріндегі маңызын ешқашан жойған жоқ. Халықты жаңалықпен құлақтандырып, қызметін қалтқысыз атқарып отырған басылымның Елбасының бастамаларын жүзеге асырылуын халыққа жеткізуде маңызы зор. Елімізде атқарылып жатқан жасампаз істер мен түрлі реформалардың нәтижелі іске асуын жұртышылққа жан-жақты жеткізіп, тұрғындар көзқарасын саралап, қоғамдық пікірдің қалыпты орнығуына үлес қосуыңыз қажет, -деген аудан басшысы, редактор мен ұжымға жемісті еңбек тіледі.

Нұржан Тоғызбайұлы еңбек жолын 2007 жылы Зеленов ауданы Переметный мектебінің мұғалімі қызметінен бастаған.

2007 жылы БҚО «Ағартушы мемлекеттік тілді оқыту орталығында» мемлекеттік тіл үйретуші.

2008-2012 жылдары Переметный ауылындағы Қ.Аманжолов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2012 жылдың шілдесінен «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов аудандық филиалы «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде редактор.

2015 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Зеленов аудандық мәслихатының V, VI шақырылым депутаты.

Д.НАСЫР,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале