18.10.2017, 11:17
Оқылды: 23

«Азаматтар өтініштер мен арыздарды электронды түрде жолдай алады»

Бүгінде еліміздің сот жүйесінде «Сот кабинеті» электронды сервисі сәтті іске асырылуда. Қаратөбе аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі ұсынатын электрондық қызметтерді қадамдық түсіндірумен насихаттау және баяндау бойынша брифинг өтті.

–Жаңа жүйе бойынша жұмыс істеудің тиімділігі өте зор. «Сот кабинеті» – сот орындарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе. Азаматтар ғаламтордың көмегімен өтініштер мен арыздарды сот органдарына электронды түрде жолдай алады. Сонымен қатар бұл жүйе бойынша мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге болады. Сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Электронды қызмет түрлері тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға мүмкіндік бар. Ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді. Енді азаматтар үйлерінен шықпай-ақ өз құжаттарын жібере алады, – дейді Қаратөбе аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Серікжан Жаролла.

Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар заманауи ақпараттық технологияларды қолдану өз кезегінде сот қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын, жеделдігін қамтамасыз етіп, жұмыс істеуде тиімді тәсіл екенін айтты.

 Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале