1.11.2017, 16:20
Оқылды: 34

«Азаттықты аңсаған айбынды Алаш» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

алаш конфер 057Зеленов ауданы орталығында «Азаттықты аңсаған айбынды Алаш» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Оған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, қоғам қайраткері, жазушы, тарих-өлкетанушы Жайсаң Ақбай, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Назгүл Төкешева, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері Айсана Исақова, Батық Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері Қайсар Ташай сияқты ғалымдар мен ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Алаш арыстарын ардақтап, тарихымызды түгендеу мақсатында оздырылған конференцияның алғы сөзін алған аудан әкімі Асхат Шахаров: -Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға сай бейімдеу еді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеяны ту етіп көтеруді табыстап кетті. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген,-деп Елбасымыз айтқан болатын. Бүгінгі конференция сол ата-бабаларымыздың айтқан сөздері мен қылған еңбегін халыққа жеткізу мақсатында оздырылып жатыр. Қазақ тарихында қазақ ұялар ештеңе жоқ сондықтан бүгінгі ұрпақ кешегісімен мақтанып қан қоймай, Алаш арыстары аңсаған тәуелсіз еліміздің туын биіктете берсін,-деп конференция қонақтарына қош келдің айтып, өлке тарихын түгендеп жүрген Жайсаң Ақбайға қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Одан әрі мінберге Жаңабек Жаңабайұлы көтеріліп, өзінің «Алаш арыстарының арманы: тарих және тағылым» атты баяндамасын ұсынып, жиналғандарға арыстарымыз жайында толық әрі нақты ғылыми дәлелденген деректерді ұсынды. Одан кейін Жайсаң Ақбай сөз алып, «Алаш Орда қозғалысының кейбір аспектілері» деген баяндамасын оқыды. Жайсаң Досболатұлы Алаш арыстарының еңбектері мен қозғалыс мүшелерінің өмірі жайында да жақсы деректер келтірді.

Бұдан бөлек конференцияда Назгүл Төкешева «Деятели западного отделения Алаш», Айсана Исақова «Алаш үкіметі және Әлихан Бөкейханов», Қайсар Ташай «Алаш қозғалысының тарихи қалыптасуы» сияқты баяндамалар оқып, ой салар деректер келтіре алды.

Осыдан жүз жыл бұрын құрылып, қазақ елінің азаттығы жолында құрбан болған қайраткерлеріміздің қалдырған ізін жаңғыртқан конференциядағы ойларбаяндамалар әр қатысушыға арыстарымыз жайында тың деректер бере алды. Енді Алаш үкіметінің тарихына қызығушылар саны арта түседі деген сенімдеміз.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале