11.02.2019, 16:07
Оқылды: 14

Бəйтеректік оқушылар Мəскеуде бақ сынайды

Алматы қаласында 9-10 ақпан күндері ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті. «Қазақстан болашағы - жастардың қолында» атты ХХХХVI республикалық ашық конкурстан Бəйтерек ауданына қарасты Раздольный мектебінің оқушылары табыспен оралды.

 WhatsApp Image 2019-02-10 at 23.05.47

         Соның ішінде 5-сынып оқушысы А.Кононова (жетекшісі Ю.Рязанова) «Математика» секциясында ІІ орынды, 9-сынып оқушысы Е.Малкина (жетекшісі А.Горбач) «Өлкетану» секциясында ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ байқауға қатысушы өрендер 3 арнайы аталым бойынша да марапатталды. 2-сынып оқушысы Ю.Горбач (жетекшісі А.Горбач) «Жас зерттеуші», «Медицина» секциясында М.Товстик (жетекшісі Ю.Товстик) «Жас ғалым», 11-сынып оқушысы В.Малкина (жетекшісі Т.Малкина) «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясында «Жас ғалым» аталымына ие болды.

          Аталмыш конкурста еліміздің əр аймағынан келген 250-ден астам оқушы бақ сынаған. БҚО намысын қорғап, білім бəсекесінде бақ сынаған бəйтеректік жүлдегер өрендер конференцияның ІІ кезеңі Ресей Федерациясының астанасы Мəскеу қаласында бақтарын сынамақ.

Ертай Бимұханов,

Бəйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале