30.11.2016, 20:33
Оқылды: 35

«Бұл мереке халықтың Елбасына жоғары сенімінің көрінісі»

Зеленов аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара өтті.

Алдымен көпшілікке аудандық кітапхана ұсынған кітап көрмесі таныстырылып, Елбасы жайлы және Президенттің өзі жазған кітаптар дәріптелді. Жұртшылықтың назарына Елбасына арналған көркем фильм ұсынылды.

-Бұл күн баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау күні, халық бірлігі мен келісім күні. Мереке Қазақстан халқының Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары сенімінің, қадір-құрметінің жарқын көрінісі. Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген барлық жетістігі бірінші кезекте  Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты, - деді Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов. Құттықтау сөзден кейін аудан басшысы өз атынан ауданның дамуына үлесін қосқан әр саладағы қызметкерлерге, ауыл әкімдеріне алғыс хаттар табыстады.

Тәуелсіздіктің шаттығына, еркіндіктің бақ-нұрына бөленген жұртшылық одан әрі аудан өнерпаздарының, мектеп оқушыларының мерекелік концертін тамашалады.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале