11.08.2020, 15:24
Оқылды: 27

Бәйтеректе ардагерлерге арналған баннер орнатылды

Аудандық әскери комиссариат жанынан тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысушы Бәйтерек ауданының ардагерлеріне арнап баннер ашылды.

FC443DED-2EA9-467D-A714-A55DA2206D14

-Бүгінгі ардагерлерге арналған баннер өскелең ұрпақққа үлгі-өнеге көрсету үшін ашылуда. Олардың ел мен жерді қорғаудағы патриоттығы мен отаншылдығы, әскери антқа беріктігі көпке үлгі. Ауданымыздан тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа тоғыз адам қатысты. Олардың төртеуі бұл жерге жиналды. Осы қақтығысқа қатысушы ардагерлер мамыр айында «Әскери ұрыс ардагері» статусын алды, - дейді «Әкелер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша төрағасы Мырзағали Дүйсенбеев.

Атқарылар жұмыс ауқымды. Мұндай игілікті істер келешекте де жалғасын таппақ.

 Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале