19.08.2019, 15:23
Оқылды: 221

Бәйтеректе аудандық чемпионат мәреге жетті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін Бәйтерек ауданының VII халық спорты ойындары өтті.

All-focus

Айта кетелік, шараға ауданның 22 ауылдық округінің құрама командасы түгел қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Чемпионат барысында спортшылар футбол, волейбол, баскетбол, стритбол, үстел теннисі, жеңіл және ауыр атлетика, дойбы, шахмат, жаяу жарыс, арқан тарту, қол күресі, қазақ күресі, асық ату сынды жазғы спорт ойындарынан бақ сынады.

 Жалпы есепте Дариян ауылдық округінің командасы I орынды жеңіп алса, Янайкин ауылдық округі – II, Железнов ауылдық округі командалары III орынға ие болды.

Шыңғыс Ромашев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале