16.01.2020, 16:01
Оқылды: 61

Бәйтеректе еріктілер тобы құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биыл Еріктілер жылы болып бекітілгені белгілі. Осығай орай Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары аудан жастарынан еріктілер тобын құрды.

baiterek erikti (5)

Жыл басынан бері ресурстық орталық мамандары мен еріктілер біраз істі қолға алды. Күні кеше ғана Переметный ауылының жастары аудан орталығында тұратын жалғысбасты қариялар мен кейуаналардың ауласындағы қарды аршып, қолғабыс етті. Жастардың игі бастамасына риза болған ауыл үлкендері баталарын берді.

baiterek erikti (4)

Жастар игі бастаманы қайырымдылықпен аяқтамады. Еріктілер тобы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге Переметный ауылында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешкі рейдттерге де шығып тұрады. Ондағы мақсаттары көшеде жүрген жастармен жүздесіп, түсінік жұмыстарын жүргізу.

baiterek erikti (6)

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале