21.02.2019, 12:51
Оқылды: 17

Бәйтеректегі 16 елді мекенде жарық қайта қосылды

Бәйтерек ауданы әкімдігінен алынған мәліметке сүйенсек, 18 ақпан күнгі соққан қатты боранның салдарынан электр желілері істен шығып, 21 елді мекен жарықсыз қалды.

 jol

Барлық бағыттағы жолдар қалың қар құрсауында қалып, уақытша жол қатынасы үзілді.

Күн райының қолайсыздығына байланысты 19 ақпанда аудан бойынша жекелеген мектептерде оқушы тасымалы тоқтатылып, уақытша оқу-тәрбие процесі тоқтатылған.

Табиғаттың тосын мінезіне байланысты жасалған хабарламаны ескермей, жолға шыққан жолаушы азаматтарды қар құрсауынан құтқару жұмысы тәулік бойы жүргізілді.

Көшім-Өркен, Переметный-Шалғай, Переметный-Егіндібұлақ, Орал-Кирсанов, Чувашка-Красный Урал ауылдары аралығында жол бойы тұрып қалған техникалар шығарылды. Жолда түнеп, зардап шеккендер жоқ.

19 ақпан күнгі кеште жарықсыз қалған 16 елді мекенге электр қуаты берілді.

Қазіргі уақытта 4 елді мекен жарықсыз отыр. Аудандағы барлық әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс жасауда.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале