30.03.2020, 15:55
Оқылды: 147

Бәйтеректегі Асан мешіті қайырымдылық жасады

 Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған және көмек қажет ететін топтарға қолдау көрсету мақсатында Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округі Асан ауылдық мешітінің жамағаты қайырымдылық акциясын бастады.

00286810-9918-46B1-B946-0E8351004181

Дәлірек айтқанда, бүгін, 30 наурыз күні Асан мешіті ұжымы жағдайы төмен отбасыларға барлығы 40 мың теңгенің көлемінде қайырымдылық қоржындарын таратты.

- Біз, ҚМДБ қызметкерлері қашанда елмен біргеміз. Бүгін Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округі Асан ауылдық мешітінің жамағаты атынан уақытша қиындыққа тап болған отбасыларға ет пен азық-түлік өнімдері таратылды. Қайырымдылық жасау мұнымен шектелмейді, әлі де жалғаса береді. Мұндай жұмыстарға ашықтық та керек екен. Қайырымдылық шарасына бәріміз де атсалысайық, - дейді WhatssApp  желісі арқылы байланысқа шыққан Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов.

 Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале