9.12.2019, 15:49
Оқылды: 63

Бас редакторлар Бәйтеректе бас қоспақ

Ертең, яки 10 желтоқсан күні «Жайық Пресс» медиахолдингі жанындағы «Бас редакторлар клубының» көшпелі отырысы Бәйтерек ауданында өткізілмек. Оған белгілі журналист, саясаттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Мұхтар Сеңгірбай, «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов пен аталмыш холдингке қарасты аудандардағы басылымдардың бас редакторлары қатыспақ.

qalam

 Ауданыға табан тірейтін меймандарды алдымен аудан әкімі Асхат Шахаров қабылдайды деп күтілуде. Бұдан соң шара аудан әкімдігі ғимаратында «Бас редакторлар клубының» көшпелі отырысымен жалғаспақ. Шара аудан әкімінің құттықтауымен басталады. Отырыс барысында аудандық газеттердегі мәселелер қаралып, ондағы түйінді түйіткілдерді шешу жолдары ортаға салынады.

Түстен кейін меймандар аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасап, ондағы жәдігерлермен танысады. Бұл жерде белгілі журналист, еңбек жолын «Түркістан» халықаралық газетінен бастаған, бүгінде «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының бас редакторы Мұхтар Сеңгірбайдың шеберлік сағаты өткізіледі деп жоспарлануда.

Айта кету керек, «Бас редакторлар клубының» көшпелі отырысы бұған дейін Теректі, Жаңақала, Қазталов және Сырым аудандарында өткізіліп, оларға Қайнар Олжай, Жанарбек Әшімжан, Есей Жеңісұлы, Жұлдыз Әбділда сынды елге белгілі журналистер қатысып, тәжірибелерімен бөліскен.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале